Бокс

Головкин Канелоны не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады

Головкин Канелоны не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBA, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 15 қыркүйек күні Сауль "Канело" Альваресті мерзімінен бұрын жеңсе, қандай салдары болуы мүмкін екенін айтты.

— Егер 15 қыркүйек күні "Канелоны" нокаутпен жеңсең, бұл нокаут кленбутеролмен байланысты барлық даудан кейін сен үшін карьераңдағы ең үздігі бола ма?

— Иә деуге де, жоқ деуге де болады. Иә, өйткені оны нокаутпен жеңгеніме өте қуанышты болар едім. Солай болғанын қалаймын. Ал жоқ дегенге келсек, нокауттан кейін ол менімен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейді, ал мен үшінші жекпе-жекті өткізгім келеді. Оны екі рет жеңсем деймін, — деп жауап берді Геннадий K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер