Жеңіл атлетика

Ғұсман Қосанов турниріне 11 елдің спортшылары қатысады

Ғұсман Қосанов турниріне 11 елдің спортшылары қатысады
news-banner7
mobile-news-top

29-30 маусым күндері Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» өтеді.

Халықаралық жарыс КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған.

Ғұсман Сыйтықұлы Қосанов 1935 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Изатулла ауылында дүниеге келген. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатысқан және Олимпиада жүлдесiн тұңғыш жеңiп алған қазақ атлеті. Ол 1960 жылы Рим олимпиадасында күміс медальға болды. Италия астанасында 4х100 эстафеталық жарыста КСРО құрама командасы сапында Л. Бартенев, Ю. Коновалов, Э. Озолиндермен бірге мәреге екінші келді.

«Ғ. Қосанов Мемориалы» – Азия құрлығының Орталық Азия аймағындағы жеңіл атлетикадан үздік халықаралық турнирі болып саналады. Бұл жарыс Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) және Азия жеңіл атлетика қауымдастығының (AAA) күнтізбесіне енгізілген.

Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған жарыс алғаш рет 1991 жылы өткізілген. Ол кезде БСО мен Қазақстанның ведомстволары қатысқан. Бірінші орынды Орталық Әскери Спорт Клубының (ЦСКА) командасы жеңіп алса, екінші орынға «Еңбек резерві» тұрақтаған. Үздік үштіктен «Динамо» клубының командасы көрінді. Жекелеген сайыс түрінен Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары да өнер көрсетті.

Ғ.Қосанов Мемориалы Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) күнтізбесіне кіргендіктен спортшылардың нәтижелері ресми түрде есепке алынады. Яғни Қосанов Мемориалында қатысушылар Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттарының нормативтерін орындауларына мүмкіндіктері бар.

Биыл XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы 29-30 маусым күндері Алматыдағы Орталық Стадионда өтеді. Жарысқа 11 елден 250-260 спортшы келеді деп күтілуде. Атап айтсақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Иран, Сирия, Бахрейн, Малайзия атлеттері қатыспақ.

Мемориалдың ашылу салтанаты 29 маусым күні сағат 15.30-да басталады.

Түпнұсқасы: kazakhathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер