Әлем футболы

Швейцария Сербиядан басым болды

Швейцария Сербиядан басым болды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцария құрамасы Сербияны 2:1 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды. Нәтижесінде бұл топтағы плей-офф жолдамасының иегерлері соңғы турда анықталатын болды.

Сербтер бірінші таймда қарсыластарын ұтып-ақ шыққан. 5-минутта Александр Митровичтің баспен соққан голы командасына басымдық беріп тұрған еді. Егер осы есепті сақтағанда Сербия құрамасы 1/8 финалға шығар еді. Алайда екінші таймда швейцариялық футболшылар таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңіске бастар жолды тауып та кетті. 52-минутта Гранит Джака есепті теңестірді. Ал 90-минутта Джердан Шакиридің соққан голы Швейцарияға жеңіс сыйлады.

Қазіргі таңда топта Бразилия мен Швейцария құрамаларында 4 ұпайдан бар. Сербияда – 3 ұпай. Ал плей-офф жолдамасынан үмітін үзген Коста-Рика құрамасының қоржыны бос тұр. Топтағы үшінші ойында Бразилия Сербиямен, Швейцария Коста-Рикамен кездеседі.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер