Арсен Іңкәрбеков: Қазақстанның жаттықтырушылардың «С» категориясына емтихан қабылданады

Арсен Іңкәрбеков: Қазақстанның жаттықтырушылардың «С» категориясына емтихан қабылданады
news-banner7
mobile-news-top

​​​​​​​Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Арсен Іңкәрбеков УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «С» категориясы бойынша тыңдаушыларды іріктеу туралы айтып берді.

- УЕФА-ның «С» категориясы бойынша білім беру бағдарламасына алғашқы тыңдаушылар қабылданды. Емтихан 19-20 маусым күндері Астанада еліміздің солтүстік өңірінің үміткерлері арасында өтті. Емтиханнан сүрінбей өткендердің тізмі Қазақстан футбол федерациясының сайтында жарияланды. Қабылдау емтиханын тапсырғандар үшін алғашқы дәріс 10-12 шілде күндері Астанада өтеді. Жалпы, төрт модуль жоспарланған. УЕФА-ның «С» категориясы футбол жаттықтырушылары үшін базалық курсы. УЕФА-ның жаттықтырушылар конвенциясына сәйкес, «С» категориясын алғаннан кейін ғана «В» категориясына түсуге болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының міндеті – УЕФА-ның «С» категориясы бойыншы білім беру үшін Қазақстанның басқа аймақтарында өткізу. Техникалық орталық еліміздің төрт қаласында оқу орталығын ашуды көздеп отыр. Батыс өңірде іріктеу Ақтөбе қаласында өтеді. Оңтүстікте – Шымкент қаласы, шығыста – Өскемен. Алматы қаласы да емтихандарды қабылдау орталығы болып таңдалды. Өйткені, оңтүстік астанада оқуға түсуді қалайтындардың саны көп. Техникалық орталықтың нұсқаушылары белгіленген кесте бойынша аталған қалаларды аралап, үміткерлерді іріктейді. Осы қалаларда дәрістер оқытылады.

2018-2022 жылдарға арналға футболды дамытудың стратегиясына сәйкес Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттерінің бірі – жергілікті мамандардың біліктілігін көтеру.

Қазақстан футбол федерациясының УЕФА-ның «JIRA» білім беру бағдарламасы бойынша «С» категориясына қабылдау емтихандарының мерзімдері:

6-7 тамыз 2018 жыл - Алматы

9-10 тамыз 2018 жыл - Шымкент

13-14 тамыз 2018 жыл - Өскемен

16-17 тамыз 2018 жыл - Ақтөбе.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер