Басқа

«Астана» мергендері Азия ойындарына дайындалуда

«Астана» мергендері Азия ойындарына дайындалуда
news-banner7
mobile-news-top

Бұл күндері «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін «Астана» мергендер клубының спорттық ату бағдарламасындағы спортшылары 15 маусымнан бері Әзірбайжан астанасы Бакуде оқу жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Жиын маусымның 29-ына дейін жалғасады. Стендтік атудағы мергендеріміздің жиыны Италияда 18 маусымда басталып, осы айдың соңына дейін жалғасады. Осы орайда команданың бас менеджері Андрей Могилевскийден құралайды көзге атқан мергендеріміздің дайындықтары туралы сұраған едік.

– Тамыздың 18-і күні Джакартада ХХVIII Жазғы Азия ойындары басталады, - деді Андрей Моглиевский. – Біздің басты мақсатымыз – сол додада сәтті өнер көрсету. Жоспарға сәйкес, бүгінде клубымыздың мергендері шетелдерде жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Құрамында Юлия Комендра, Александра Малиновская, Элизавета Король, Владимир Исаченко және Юрий Юрков сынды спортшылар бар спорттық атудағы мергендеріміз бас бапкер Расим Мологлының қарамағында Бакуде жүр.

Стендтік атудағы мергендеріміз Мария Дмитренко, Анастасия Давыдова, Александра Ещенко, Андрей Фролов, Ангелина Мищук, Ольга Фонарина және Әсем Орынбаева Азия ойындарына Италияда дайындалуда.

Бұлардан бөлек, Сәрсенкүл Рысбекова мен Виолетта Старостина 22-29 маусым аралығында Германияның Зуле қаласында өтетін спорттық ату мен стендтік атудан Әлем кубогына қатысады.

– Неліктен оқу-жаттығу жиындарының орталығы ретінде Италия мен Әзірбайжанды таңдадыңыздар?

– Еуропадан гөрі Баку жақынырақ. Оның үстіне, Бакуде біз спорттық ату және стендтік атуға барлық жағдай жасалған заманауи ашық спорт кешенінде жаттығып жатырмыз. Ауа-райы және желдің соғып тұруынан жаттығулардың эффектілігі артады. Ал Қазақстанда ашық ату тирлары жоқ.

Ал Италияға келер болсақ, Апеннин түбегінде біз әйелдер арасындағы екі халықаралы турнирге қатыспақпыз. Оның бірі "H.H. Sheikha Fatima Bint Mubarak" турнирі болса, екіншісі Тоди қаласында өтетін Италия ашы қубогы. Бұл турнирлерге әлемнің таңдаулы мергендері жиналады.

Сондай-ақ, Италияда спорттық атуға арналған сапалы жабдықтар жасалады. Бізге де қаруларымызды қалыпқа келтіріп алуға тамаша мүмкіндік.

- Ал Азия ойындарында алдарыңызға қандай мақсат қойып отырсыздар?

- Бір алтын, бір күміс және екі қола аламыз деп жоспарлап отырмыз.

«Астана» Президенттік кәсіби мергендер клубы 2015 жылы құрылған. Онда спорттық ату мен стендтік атудан еліміздің ең үздік спортшылары өнер көрсетеді

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер