русский язык

Арман Оспанов самбодан әлем чемпионы атанды

Арман Оспанов самбодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық самбошы Арман Оспанов 68 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Финалда Оспанов Ресей спортшысы Руслан Гасанхановты жеңді. Ал оның қарсыласы болса, бас төрешінің шешіміне қарсылық ретінде одан әрі күресуден бас тартты. Ресей спортшысы қазақстандықтан 3:7 есебімен ұтылып жатқан болатын және оның пікірінше, «соттың әділетсіз шешімінен кейін», белдесуін тоқтатқан.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Әсет Әлдешев 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетсек, Санкт-Петербургте самбодан өтіп жатқан әлем чемпионаты бүгін аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;