Әлем футболы

Нигерия D тобында екінші орынға шықты

Нигерия D тобында екінші орынға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Волгоград қаласында әлем чемпионаты D тобының екінші турында Нигерия мен Исландия құрамалары кездесті.

Матч Нигерияның пайдасына аяқталды – 2:0. 49 және 75-минуттарда шабуылшы Ахмет Муса гол соғып, дубль жасады.

Енді келесі матчта нигериялықтар Аргентина құрамасымен кездеседі. Ал Исландия соңғы турда хорваттармен күш сынасады.

Бұл топта Хорватия 6 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Нигерияның еншісінде 3 ұпай бар. Аргентина мен Исландия бір ұпайдан еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер