Әлем футболы

Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді

Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді
news-banner7
mobile-news-top

Осылайша бүгін жасыл алаңға шығатын ұлттық құрамасына ерекше қолдау көрсетуді жөн көріпті.

«Е» тобындағы екінші тур ойындары бүгін Калининград қаласында өтеді. Осыған орай кәрі құрлықтағы футбол фанаттары 2 мың шақырымды ауыл шаруашылығы техникасымен жүріп өтті. Трактордың жылдамдығы сағатына бар болғаны 60 шақырымды құрайтынын ескерсек, Люцерн мен Калининград арасын бағындаруға шамамен 2 апта кеткен.

- Алғашқыда бұл трактормен саяхат жасағым келген. Менің жоспарым әлем чемпионатына тұспа-тұс келді. Осылайша достарыммен бірігіп көздеген аралағымызды жүріп өттік, - дейді жанкүйер Бит Штудер.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер