Ауыр атлетика

ҚР Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

news-banner7
mobile-news-top

Азия ауыр атлетика федерациясының атқару комитетінің отырысында Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ел аумағында 2020 жылғы құрлықтық чемпионатты өткізу туралы ниетін растады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Сондай-ақ, отырыс кезінде Азия құрлығында ауыр атлетиканы дамыту мәселесі, 2018 жылғы жазғы Азия ойындарына және 2019 жылы Үндістанда өтетін Азия чемпионатына дайындық барысы талқыланды.

Шара барысында қазақстандық тарап IWF және AWF басшылығымен кездесу өткізді. Онда Қазақстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарының квалификациялық ережелеріне сәйкес квота көлемін қысқарту мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

2004, 2009 және 2013 жылдары үш мәрте құрлық біріншілігі Қазақстанда өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер