ҚР Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниетті екенін мәлімдеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз21 маусым Дохада Азия ауыр атлетика федерациясының (AWF) атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты ауыр атлетика федерациясның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы президенті бастаған қазақстандық делегация 2020 жылғы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізуге ниетті екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Атқару комитетінің құрамында қазақстандық тарап IWF және AWF басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда Токио 2020 Олимпиада ойындарында квоталарды азайту мәселесі бойынша өз ұстанымын ұсынды.