Жанкүйерлер «Астана» - «Ертіс» кездесуінің үздік ойыншысын анықтады

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футболшылары өткен турда павлодарлық «Ертісті» 3:0 есебімен жеңді. Аталмыш кездесуде Роман Муртазаев дубль жасап, еншісіне нәтижеслі пас жазған еді. Дәл осы ойыншы жанкүйерлер тарапынан 50,7% дауыс жинап, кездесудің үздігі атанды, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Екінші орында команда капитаны Ненад Эрич. «Астана» қақпашысы осы кездесуде де қақпасына гол жібермей, «құрғақ» матчтар санын 101-ге жеткізді.

Үздік үштікті Марин Томасов қорытындылады. Хорватиялық ойыншы Роман Муртазаевқа нәтижелі пас берген болатын.

Үздік бестік:

1.Роман Муртазаев 50,7%
2.Ненад Эрич 14,1%
3.Марин Томасов 12,9%
4.Дмитрий Шомко 5,3%
5.Серікжан Мужиков 5,2%
Дауыс беруге 2 808 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер