Әлем футболы

Ресейлік комментатор өзбек төрешісін есекке теңеді

Ресейлік комментатор өзбек төрешісін есекке теңеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболшылар мен жаттықтырушылар тарпына өзінің өткір сынын айтудан жалықпайтын ресейлік комментатор Василий Уткин кеше сөз найзасын өзбек төрешісі Равшан Ирматовқа қадады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аргентина – Хорватия кездесуіне өзбекстандық төреші Раушан Ирматов қазылық жасаған болатын. Матчты тамашалап отырған комментатор ойын ережесі бұзылған сәтте сары қағаз көрсетілуі керек деп есептесе керек, осы сәтті елеусіз қалдырған бас қазыны қатты сыбап алды.

- Равшан Ирматов! Есектік баласы! Сары қағаз қайда!?,- деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина – Хорватия кездесуі 0:3 есебімен еуропалықтардың пайдасына шешілді. Осы жеңісінен кейін Хорватия алдын-ала плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер