Әлем футболы

Хорватия Аргентина құрамасын аямады

Хорватия Аргентина құрамасын аямады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Аргентина мен Хорватия арасындағы кездесуде еуропалықтар ірі есеппен жеңіске жетті.

Кездесудің бірінші таймында есеп ашылмады. Үзілістен соң Аргентина құрамасы шабуылды үдеткен. Алайда көздеген мақсаттарына қол жеткізе алмады. Есесіне қақпашы Кабальеро қателігін ұтымды пайдаланған Ребич Хорватияны алға шығарды.

Қақпаларына гол жіберіп алған Аргентина тайлы тұяғымен шабуылға көшкенімен нәтиже шықпады. Қайта еуропалықтар есепті еселей түсті. Алдымен Модрич есепті еселесе, кездесудегі соңғы голды Ракитич төреші қосқан қосымша уақытта соқты.

Бұл Хорватия құрамасының топтық кезеңдегі екінші жеңісі. Екі ойында алты ұпай жинаған Хорватия плей офф кезеңіне жолдама алды. Ал Аргентина болса жалғыз ұпаймен өз жағдайын қиындатып алды.

Аргентина – Хорватия – 0:3 (0:0)
Голдар: Ребич 53, Модрич 80, Ракитич 90+1

Аргентина: Кабальеро, Акунья, Тальяфико, Отаменди, Меркадо, Сальвио (Павон 56), Перес (Дибала 68), Маскерано, Меса, Агуэро (Игуаин 54), Месси

Хорватия: Субашич, Стринич, Вида, Ловрен, Врсалько, Брозович, Ракитич, Перишич (Ковачич 82), Модрич, Ребич (Крамарич 57), Манджукич (Чорлука 90+3)

Ескерту алғандар: Ребич 39, Меркадо 51, Манджукич 59, Врсалько 67, Отаменди 85, Акунья 87, Брозович 90+4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер