Абзал Бейсебеков: Бұл әлем чемпионатында Мексиканың жанкүйерімін

Абзал Бейсебеков: Бұл әлем чемпионатында Мексиканың жанкүйерімін
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионаты көптеген тосын сыйларымен таңғалдыруда. Күтпеген нәтижелер көп. Осы орайда «Астана» футбол клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков бұл мундиальда кімге жанкүйер екендігін айтып, бүгінгі ойынға болжамын жасады.

1. Қай құраманың жанкүйерісіз?

2. Жүлдегерлер қатарынан көрінетін өз үштігіңізді айтсаңыз?

3. Бүгін «С» тобында Аргентина мен Хорватия құрамалары кездеседі. Сіздің болжамыңыз?

1.Мен тек Қазақстан құрамасына ғана жанкүйермін. Дегенмен, мына Әлем чемпионатында маған Мексика футболшыларының немістерге қарсы ойыны қатты ұнады. Жанкешті жігіттер екен. Сондықтан, алдағы ойындарда «ацтектерге» жанкүйер боламын.

2.Менің болжамым мынадай: Бірінші орын Мексика, екінші орын Бразилия, ал Португалия үздік үштікке ілігуі тиіс. Қателесуім де мүмкін.

3. Аргентина жеңеді деп ойлаймын. Бірінші ойында тең түісп қалған олар үшін бүгінгі кездесуде қалайда жеңіске жету қажет.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер