Велоспорт

Алматыда велоспорт ұлттық чемпионаты бұрынғыдан да ауқымды өтеді

Алматыда велоспорт ұлттық чемпионаты бұрынғыдан да ауқымды өтеді
news-banner7
mobile-news-top

26 маусым күні Алматыда спорттық күнтізбедегі ең маңызды жарыстардың бірі Қазақстан Республикасының тас жолдағы велоспорттан Ұлттық чемпионаты өтеді.

Биылғы чемпионат бұрынғыдан да ауқымды, әрі есте қаларлықтай өткізіледі деп жоспарланып отыр. Жарыстың өтетін орыны бұрынғыдай индустриалды аймақ болып қала бермек. Алайда қатысушылардың құрамы айтарлықтай өзгерді. Ұлттық чемпионның ақ жейдесі үшін «Astana» командасының барлық «қазақстандық» өкілдері – Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев, Даниил Фоминых, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев, Артем Захаров және Евгений Гидичтер бақ сынайды. Сонымен қатар ұлттық құрама мен құрлықтық командалардың үздік өкілдері де велобәйгеге қатысады.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты 26 маусым күні өтеді. Ал келесі күні велобәйге қатысушылары үшін жекелей жарыс басталады. Жарыстың қалған күндері шабандоздар жеңіс тұғырынан көріну үшін командалық және жұптық-командалық жарыстарда бақ сынайды. 1 шілде, яғни финалда таңдаулы ерлер арасында 200 шақырымға созылатын топтық жарыс өтеді.

Түпнұсқасы: baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер