Бокс

Билли Джо Сондерс кіммен айқасады?

Билли Джо Сондерс кіммен айқасады?
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер «Ең пассивті чемпион» деген айдар тағып үлгерген британдық Билли Джо Сондерс енді кіммен жекпе-жекке шығар екен?

Геннадий Головкинмен тамыз айында шаршы алаңға шыққысы келген «арам ойы» жүзеге аспаған Билли Джо Сондерс бүгінде өзіне жаңа қарсылас іздеп жүр. Бірақ, кіммен айқасуы мүмкін?

Естеріңізге сала кетейік, британдық «Сыған» WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 23 маусым күні өзінің отандасы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекте қорғауы қажет болатын. Бұл айқас екі рет кейінге шегерілгенімен сол күйі көрермендер қос британдықтың жекпе-жегін көре алмайтын болды. Алғашында 23 сәуірге жоспарланған. Сондерстің жарақатынан кейін кездесу маусымның 23-іне қалдырылды. Бірақ, «Сыған» тағы да жарақат алып қалды.

Оның бұл жолғы «жарақатына» ешкім сенген жоқ. Тіпті, Мюррейдің өзі де «Сондерс абыройдан гөрі ақшаны жоғары қойып, Головкинмен кездесу үшін өтірік жарақат алып қалды», – деп отандасының «ұрлығын» әшкере қылған еді.

Алайда, Головкин де жоқ, айқас та жоқ, тамыз айында Triple G-мен төбелесем деп кеуде керіп жүргенде Геннадий қыркүйекте Альвареспен айқасатын болып шықты да, Сондерс сазға отырып қалды. Енді оған қалайда жаңа қарсылас іздеу қажет. Әйтпесе, шаршы алаңға шықпағанына жарты жылдан асты. Ал кім бар?

WBO рейтингіне көз жүгіртіп көрелік. Өйткені, Дүниежүзілік бокс ұйымы кез-келген боксшыға санкция бере бермейді. Тек рейтингте жоғары тұрған жігіттердің бірін таңдауы қажет. Ал WBO рейтингінде мына боксшылар бар:

1. Деметриус Андраде (АҚШ, 25-0, 16КО)

2. Дэниел Джейкобс (АҚШ, 34-2, 29КО)

3. Вальтер Каутдонково (Намибия, 17-0, 16КО)

4. Гэри Спайк О’Салливан (Ирландия, 28-2, 20КО)

5. Мартин Мюррей (Ұлыбритания, 36-4-1, 17КО)

6. Сергей Деревянченко (Украина, 12-0, 10КО)

7. Джек Калкэй (Германия, 24-3, 12КО)

8. Стивен Батлер (Канада, 23-1-1, 20КО)

9. Альберт Онулунос (Канада, 23-1-1, 7КО)

10. Дэвид Лемье (Канада, 39-4, 33КО)

11. Артур Акавов (Ресей, 19-2, 8КО)

12. Энтони Мандайн (Аустралия, 48-8, 28КО)

13. Люк Килер (Ирландия, 14-2-1, 5КО)

14. Элиас Эспадас (Мексика, 17-3, 12КО)

15. Ибрагим Гемес (Германия, 15-0, 14КО)

Осылардың ішінде қайсысы тиімді? Алғашқы екеуін бірден сызып тастаңыз. Желкесінен сүйресе де, Сондерс америкалық қос мықты Деметриус Андраде мен Дэниел Джейкобсқа қарсы шаршы алаңға шықпайды. Оның үстіне, Дэниел алдағы бес-алты айда Сергей Деревьянченкомен кездесіп, IBF белбеуін сарапқа салуы тиіс. Яғни, тізімнен украиналық боксшыны да сызып тастау қажет болады. Намибиялық Вальтер Каутдонково өте қауіпті. Бір жағынан ешкім оны танымайды да. Мартин Мюррейден өзі бас тартты. Яғни, үздік бестіктің ішінде қалғаны Гари «Спайк» О’Салливан. Бірақ, ирландиялық боксшыны Сондерс 2013 жылы жеңген. Қайта шаршы алаңға шақыра қоймас. Бұл бір. Екіншіден, Салливан қыркүйектің 15-і күні Головкин мен Альварестің андеркартында шаршы алаңға шығады деп жатыр. Өзге боксшылар да солай. Бірі бос емес, екіншілерінің танымалдылығы төмен, ал үшіншілеріне шамасының жетуі екіталай. Бұлардың ішінде аты да бар, заты да зор, шамасының да жететіні Энтони Мандайн шығар. Алайда, ол өмірінде бір рет Германияға барып ұтылып қайтқан екен, содан бері Аустралиядан аспайтын болыпты. Яғни, Энтониді Ұлыбританияға шақыру үшін екі есе шығынға батуы қажет болады.

Түпнұсқасы: diamondring.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер