Әлем футболы

Франция 1/8 финалға жолдама алды

Франция 1/8 финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Франция ұлттық құрамасы «С» тобында 1/8 финалға жолдама алды.

Ал екінші ойын қатарынан ұтылған Перу құрамасы мундиальды топтық кезеңде аяқтайды. Екатеринбургте өткен ойында француздар Оңтүстік Америкадан келген құраманы 1:0 есебімен ұтты. Ойында еуропалық құрамаға жеңіс сыйлаған голды 34 минутта Килиан Мбаппе соқты. Сондай-ақ Килиан Франция құрамасы сапында әлем чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Қазір футболшының жасы 19-да. Осыған дейін бұл рекорд 1998 жылы 20 жасында әлем чемпионатында гол соққан Давид Трезегеге тиесілі болып келген еді.

«С» тобындағы соңғы турда плей-оффқа жолдама алған Франция мен 4 ұпайы бар Дания құрамалары кездеседі. Ал 1 ұпайы Австралия құрамасы Перуді ұту үшін барын салатын болады. Ойындар 26 маусымға жоспарланған

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер