Басқа

Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші орын алды

Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық шпагашылар күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды olympic.kz.

Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан тұратын біздің құрама алғашқы айналымда Таиландты 45:25 есебімен ұтса, екінші кезеңде Гонконг құрамасын 45:41 есебімен жеңді. Ал жартылай финалдық бәсекеде әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Оңтүстік Корея құрамасын 45:39 есебімен тізе бүктірді.

Өкінішке қарай, алтын үшін айқаста Қазақстан құрамасы қытайлықтардан 1 ұпай айырмасымен, 45:44 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, ел қоржынына Азия чемпионатының тағы бір жүлдесі түсті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дмитрий Алексанин шпагадан күміс жүлде иеленсе, сабляшы қыздар чемпионаттың қола медаліне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер