Басқа

Астанада қазіргі бессайыстан әлем кубогы басталды

Астанада қазіргі бессайыстан әлем кубогы басталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада қазіргі бессайыстан Әлем Кубогы кезеңінің финалдық бәсекесі ресми түрде жалауын көтерді.

Елордамызда тұңғыш рет өткелі отырған финалдық сынға әлемнің үздік спортшылары жиналған. Ашылу салтанатында қазіргі бессайыс Халықаралық Одағының Президенті Клаус Шорман, Қазақстанның қазіргі бессайыс Федерациясы президенті, Қазіргі бессайыс Халықаралық Одағының вице-президенті Берік Имашев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорттық дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов қатысты.

- Астана біздің чемпионаттағы жаңа мекен және қазіргі бессайыстан бәсекелер өткізуге лайықты жер. Қазақстан UIPM-нің маңызды серіктесі атанып, Азияда Олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Бұл жерде көптеген маңызды спорттық шаралар өткізілген, сондықтан, біз дүниежүзіндегі барлық бірлестіктерімізді осы бір керемет қалаға жинап отырмыз. Қазіргі бессайыстын Әлем Кубогінің финалы - бұл маусымдағы ең маңызды кезең. Осы маусым бойы өте жоғары нәтиже көрсеткен 36 ер адам мен 36 әйел спортшының арасында тартыс өтпек. Спортшылар Каир, Лос-Анджелес, Кечкемет және София қалаларында өз мықтылықтарын дәлелдеген болатын, - деді Клаус Шорман.

- Біз үшін осындай дәрежедегі байрақты жарысты қабылдау үлкен мәртебе. Бірінші кезекте, Астанада спорттық инфрақұырылмды жасап берген Елбасына алғыс айтқым келеді. Осы жарысқа келген спортшылар елордадағы спорттық нысандардың көбімен танысып үлгерді. Ал жарыс алдында осында келген техникалық делегаттарын спорттық ғимараттардың сапасына жоғары баға берген еді. Елбасыға осында жағдай жасап бергені үшін алғыс айтамын. Ал біздің спортшыларымыз болса тек халықаралық жеңіске жету ғана қалды. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Қазақстанның қазіргі бессайыс Федерациясы президенті Берік Имашев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер