Әлем футболы

Дания мен Аустралия тең тарқасты

Дания мен Аустралия тең тарқасты
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан әлем чемпионатының С тобындағы екінші турда Дания мен Аустралия құрамалары күш сынасты.

Ойынның 7-минутында Кристиан Эриксен есеп ашқан. Ал 38-минутта төреші VAR-жүйесін пайдаланып, даниялықтар қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Миле Йединак таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

Осылайша, Дания құрамасы 4 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал жасыл құрлық өкілдері алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Енді үшінші турда Дания мен Франция ойнаса, Аустралия Перумен күш сынасады.

Дания - Аустралия 1:1 (1:1)

Голдар: Эриксен 7, Йединак 38

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер