Бокс

Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы болды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның екі салмақ дәрежесі бойынша жалғыз чемпионы Бейбіт Шүменов «Түркістан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Шешім облыстық мәслихат депутаттарының бірыңғай дауыс беруімен қабылданды. Бұл атақ аймақ пен мемлекет үшін сіңірген ерен еңбегі үшін және өмірінің соңына дейін беріледі. Сондай-ақ, азаматтың биографиясы кемінде он жылға аймақпен байланысты болуы тиіс.

Шүменов бірнеше күн бұрын атауы өзгерген Түркістан облысының орталығы Шымкент қаласында туып-өскен.

Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Шүменов дәл қазір Астана қаласында түркиялық Хизни Алтункайға қарсы жекпе-жекке әзірленіп жатыр. Шаршы алаңдағы кездесу 7 маусым күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер