Велоспорт

«Астана» шабандозы Украина чемпионы атанды

news-banner7
mobile-news-top

21 маусымда «Астананың» шабандозы Андрей Гривко Богуслав қаласында 40 шақырымға «жекелей старт» жарысында алтын медаль алды.

Осылайша, Гривко 2012 жылдан бері алғаш рет Украина чемпионы атанып отыр. Алты жыл бұрын ол Украина біріншілігінде жекелей және топтық жарыстарда топ жарған еді.

«Астананың» шабандозы қашықтықты 52 минут, 20 секундта өтіп шықты. Екінші орынды Михаил Кононенко (+2.41) еншіледі. Ал үшінші орын Александр Головашқа (+2.43) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер