Теннис

Тенниске әуес жандар. «Almatrack Open-2018» өз мәресіне жетті

Тенниске әуес жандар. «Almatrack Open-2018» өз мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

«Мақсат» теннис Академиясында алғаш рет «Almatrack Open-2018» атты сайыс өтті. Әуесқой теннисшілер арасындағы Алматы қаласының ашық біріншілігіне Тараз, Талдықорған, Қарағанды, Астана және Байқоңырдан жұптық категориядағы ойыншылар сынға түсті. Жарыс халықаралық деңгейде өтті деп айтса болады. Себебі Ресей елшілігінің қызметкері Александр Яковлев жарысқа қатысқан. Жүлде қоры жарты миллион теңгені құраған бәсекеде саясаткерлер, спорт ардагерлері, журналистер, кәсіпкерлер және басқа әуесқой спортшылар қарымын байқады. 1 күндік сайыс екі кезеңнан тұрды – іріктеу ойындары және плей-офф.

Екі жұп мәре сызығына іркілмей жетті. Валерий Сапраниди және Талғат Нарембаев тамаша өнер көрсеткен. Актық сында оларға қарсы тұра білген әкелі-балалы астаналық Райысовтар Аманжол мен Даурен адуынды ойын байқатты. 1 сағатқа созылған финал ақыр аяғы жергілікті теннисшілердің пайдасына шешілген - 6:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер