«Ақтөбенің» болашағына күмәнданған қорғаушы клубтан кетіп қалды

«Ақтөбенің» болашағына күмәнданған қорғаушы клубтан кетіп қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы мен бразилиялық қорғаушы Фабрисио Силва Дорнеллас ойыншының өтінуімен арадағы еңбек шартын үзді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Футболшының бұл жағдайға білдірген пікірі:

- Мен бұл қала мен клубты қимай кетіп бара жатырмын. Мені бұндай қадамға итермелеген бірнеше себеп бар: біріншіден, отбасылық жағдайыма байланысты; екіншіден, мен бұл жерден өзіме тиімді нәрсе көріп тұрған жоқпын – келісімшартқа отырарда маған команда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік беретін орындарға таласатын болады деген еді, ал шындығында 6 ұпайымызды алып тастаған себепті біз турнирлік кестенің соңында келе жатырмыз, ол ұпайлар қайтпауы да мүмкін. Мен Некомен де сөйлестім – оның қарыздарын жабу үшін ешқандай әрекет жасалынып жатқан жоқ. Енді міне екі трансферлік уақыт бойы ойыншыларды тіркеуге тыйым салынып отыр, оған қоса тағы да алты ұпайды алып тастайды деп айтып жатыр. Осындай кезде мен командада қала алмаймын. Клубқа маған артқан сенімдері үшін, жанкүйерлерге ыстық ықыластары үшін алғыс білдіремін. «Ақтөбе» менің жүрегімде қалады.

«Ақ-қызылдардың» жартылай қорғаушысы Саша Марьянович те осындай жағдайларға байланысты клубтан кеткісі келетіні туралы айтқан еді. «Ақтөбе» басшылығы футболшының командада қалуы үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер