Бокс

Бүкіләлемдік бокс кеңесі президенті Головкин-Альварес жекпе-жегіне пікір білдірді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі президенті Головкин-Альварес жекпе-жегіне пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында жекпе-жекке пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Рематч алғашқы жекпе-жекке қарағанда зор әлеуетке ие. Боксшылар бір-біріне әбден жауыққан, олардың екеуі де рингте үздік екенін дәлелдегісі келеді. Екеуі де кездесуге жақсы дайындықпен келеді деп үміттенемін», - дейді М.Сулейман Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

WBC басшысы боксшылардың жас айырмашылығына да тоқталды. Альварес 18 шілдеде 28-ге келсе, Головкин сәуір айында 36 жасқа толған еді.

Сулейман Головкин үшін нағыз бабына келген жас деп есептейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер