Бокс

GGG мен «Канелоның» жекпе-жегін әлемнің 150 елі көрсетеді

 GGG мен «Канелоның»  жекпе-жегін әлемнің 150 елі көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер GGG мен «Канелоның» жекпе-жегі қандай елдерде көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Proports.kz.

«Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің әлемде фанаттары көп. Әрине, бірінші кезекте жекпе-жекті Ұлыбритания көрсетеді. Өйткені Геннадийдің ағылшын жанкүйерлері өте көп. Боксшылардың шайқасын әлемнің кем дегенде 150 елі көрсететін болады», - деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, «Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер