Басқа

Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандықтар жүлдегер атанды

Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандықтар жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК сайтыа сілтеме жасап.

Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходькодан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы аталған турнирдің ширек финалында әлем біріншілігінің қола жүлдегері жапон қыздарын ұтты. Алайда, жартылай финалда қыздарымыз әлем кубогы кезеңдерінде жүлдегер атанып жүрген Қытайдан ұтылып қалды. Сонымен, үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын жеңіп, қола жүлдені иемденді.

Айта кетейік, осыған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин күміс жүлде жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер