Әлем футболы

Коста Испанияға жеңісті алып берді

Коста Испанияға жеңісті алып берді
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының В тобындағы екінші ойын өтті, деп хабарлайды Рrosports.kz сайты.

Алғашқы кездесуінде Марокконы ұтқан Иран Роналду бастаған Португалиямен тең түскен Испания құрамасымен жолықты. В тобының айқын фавориттері Испания мен Португалия құрамалары екені белгілі. Бірер сағат бұрын Португалия Марокко құрамасын жеңген болатын.

Иран мен Испания құрамалары арасындағы ойын тартысқа толы болғанмен, голы көп болмады. Бірінші таймда екі команда бір-бірінің қақпасын торауылдап, гол соға алмады. Тек екінші тайм басталғаннан соң 10 минут өткенде Испания құрамасының шабуылшысы Диего Коста көзге түсті. 54-ші минутта соғылған жалғыз гол матчтың тағдырын шешіп кетті.

Айта кетейік, В тобында қанжығасында төрт ұпайы бар Португалия мен Испания 1-2 орынды бөліссе, бір ұпай аз жинаған Иран үшінші сатыда. Көш соңында Марокко құрамасы.

Әлем чемпионаты - 2018. Топтық кезең. В тобы

Иран - Испания 0:1 (0:0)

Гол: Диего Коста 54'

Иран: Бейраванд — Резаэян, Хосейни, Пурлиганджи, Хаджсафи — Эбрахими — Тареми, Эзатолахи, Амири, Ансарифард — Азмун

Испания: Де Хеа — Карвахаль, Пике, Рамос, Альба — Бускетс, Иньеста — Васкес, Иско, Силва — Коста

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер