Бокс

IBF чемпионы: Джермалл Головкинді де, Альваресті де сабайды

IBF чемпионы: Джермалл Головкинді де, Альваресті де сабайды
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррол Спенс (24-0, 21 КО) отандасы Джермалл Чарлоның (27-0, 21 КО) орта дивизиондағы ең басты тұлғаға айналарына сенімді.

Спенстің ойынша, Чарло қазірдің өзінде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңе алады.

- Айтып тұрмын ғой, Джермалл Головкинді де, Альваресті де сабайды. Головкин аяқ-асты Чарломен жұдырықтасуға келіскенін естісем, таңданар едім. Бірақ ол жігітке мүмкіндік берсе, GGG мен «Канелоны» да сабар еді. Оған бәс тігуге дайынмын, - дейді Сленс.

Еске салайық, Чарло WBC тұжырымы бойынша уақтыша чемпион және Головкинмен жұдырықтасуға үміткерлердің бірі. Ал жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін «Канеломен» жекпе-жекке дайындыққа кіріседі.

Түпнұсқасы: tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер