«Астананың» қорғаушысы футболдан Әлем чемпионатының фавориттері туралы айтты

«Астананың» қорғаушысы футболдан Әлем чемпионатының фавориттері туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Мундиальдің қызығы күннен күнге артып келеді. «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына кіретін «Астана» футболшылары да Ресей жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатын жіті бақылап, өз командаларына жанкүйер болуда. Бүгін төрт жылдық турнир туралы дәстүрлі сұрақтарымызды қорғаушы Марин Аничичке жолдаған едік.

- Қай құраманың жанкүйерісіз? Әлем чемпионатына қатысып жатқан футболшылардың арасында таныстарыңыз бар ма?

- Бұрынғы Югославиядан енші алып шыққан қос құрама – Хорватия мен Сербияға жанкүйермін. Чемпионатта неғұрлым алысқа барса екен деймін.

- Жүлдегерлер қатарынан көрінетін өз үштігіңізді айтсаңыз?

- Менің фаворитім – Бразилия құрамасы. Олар осы жылы чемпиондыққа әбден лайық. Ал үздік үштікке Бразилиядан бөлек, Германия мен Бельгия командалары кіруі тиіс. Дәл қазіргі таңда осы үш құраманың шоқтығы өзгелерден биік.

- Әлем чемпионатында әдеттегідей Месси және Роналду текетіресін көреміз. Сіз қайсысы үздік болады деп ойлайсыз?

- Өткен Еуропа чемпионатын Криштиану Роналду жеңіп алған еді. Егер қос футболшының өзара текетіресін сұрасаңыз, менің бүйрегім португалдыққа бұрады.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер