Әлем футболы

Уругвай - Сауд Арабиясы матчына бейнешолу

Уругвай - Сауд Арабиясы матчына бейнешолу
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының топтық кезеңдегі екінші айналымы басталды, деп жазады Prosports.kz сайты.

А тобында алаң иелері екінші матчында Египет құрамасын жеңіп көш бастады. Ал олардың басты бәскелесі Уругвай футболшылары да ұпайдан шашау шығарған жоқ. Бүгін өткен турда Ресейден оңбай ұтылған Арабияны жеңіп, қоржынға қос жеңістің алты ұпайын салды.

Енді топ жеңімпазы соңғы турда, алғашқы екі турда алты ұпайдан жинаған Ресей мен Уругвай кездесуінде анықталатын болады. Ал әзірге ұпайдан үлес ала алмаған Мысыр мен Сауд Арабиясының футболшылары еліне қайтар алдында өзара кім мықтыны анықтайды.

Әлем чемпионаты. А тобы. Екінші айналым

Уругвай - Сауд Арабиясы 1:0 (1:0)

Гол соққан: Суарес 23

Уругвай: Муслера, Касерес, Годин, Хименес, Варела, Родригес, Бентанкур, Весино, Санчес, Кавани, Суарес.

Сауд Арабиясы: Аль-Оваис, Аль-Шахрани, Аль-Булайхи, Хавсави, Аль-Бурайк, Аль-Давсари, Аль-Джассим, Отайф, Аль-Фараж, Бахбир, Аль-Муваллад

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер