Beautiful Football
Әлем футболы

Бірінші арнадан кеткен Василий Уткин еңбекақысын қайда жұмсайды?

Бірінші арнадан кеткен Василий Уткин еңбекақысын қайда жұмсайды?
news-banner7
mobile-news-top

Телекомментатор Валисий Уткин ӘЧ-2018 аясында бір ғана матчты жүргізіп, арнадан кететінін мәлімдеді, бірақ себебін айтқан жоқ.

Телеарнаның ұсынысын қабылдаған Уткин барлық табысын қайырымдылыққа аударатынын хабарлаған.

"Туған елімде өтіп жатқан әлем чемпионаты матчтарын жүргізу, осы бір жүрегіме жақын сәтте сүйікті ісіммен айналысу – бұл менің асқақ арманым. Әлем чемпионатындағы еңбекақымды шын жүректен қайырымдылық қорына аударамын, Ресейде аутизммен күресуші "Выход" қоры", — деп жазған еді Facebook парақшасында.

Алайда, бір ғана матчты жүргізіп үлгерген Уткин 19 маусымда жұмыстан шығатынын YouTube-те мәлімдеді. Оның айтуынша, телеарнадан "ың-шыңсыз" кеткен, бірақ себебі туралы пікір білдіруден бас тартты.

"Неге бұлай болғанын білгілеріңіз келетін шығар. Бірақ менің шешімімді сыйлаңыздар, ол туралы айтқым келмейді. Жеке басыма қатысты сұрақтармен мазаламауларыңызды өтінемін", — дейді ол.

Бірінші арнаның баспасөз қызметі жариялаған ресми мәлімдемеде Василий Уткинге Португалия – Испания матчын тамаша жүргізгені үшін алғыс айтылып, халықтан бұл жайт туралы "алып-қашпа болжамдар" шығармау сұралыпты.

Комментатордың тапқан табысы Василий таңдаған қорға аударылатын болды.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер