Жеңіл атлетика

Александр Ким: Оңтүстік Корея құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз

Александр Ким: Оңтүстік Корея құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз
news-banner7
mobile-news-top

Бұл күндері Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан біріншілігі өтуде. Спорттық гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Ким соңғы кездері ҰОК көрсеткен қолдаудың шексіз екенін айтты.

- Шыны керек, біраз уақыт бойы еліміздегі спорттық гимнастиканың дамуы тұралап қалған еді. Қуанышқа қарай, Тимур Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиадалық Комитет спорттың бұл түрін одан әрі дамытуды белсенді түрде қолға алды. Мәселен, биыл біз шетелде өтетін халықаралық турнирлердің барлығына да қатысамыз. ҰОК спортшылар мен бапкерлердің жол шығыны мен жатын орнын, жаттығу жиындарын, барлығын өз мойнына алып отыр. Кейде спортшылардың жарақат алуына байланысты дереу билетті ауыстырып, басқа датаны таңдайтын кездер болады. Мұндай сәттерде де ҰОК бізге қолдауын аяған емес. Осының арқасында, біздің спортшылар шетелдік турнирлерде тәжірибе жинап, адуынды қарсыластарымен тең дәрежеде өнер көрсетіп жатыр, - дейді Александр Ким.

Сондай-ақ бас бапкер Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің бастамасымен құрылған медициналық кешенді ғылыми топтардың жұмысын да жоғары бағалап отыр.

- Қазақстан чемпионаты аяқталған соң, Оңтүстік Корея құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Сеулге аттанамыз. Сол кезде бізбен бірге массажшы мен дәрігер еріп барады. Спорттық гимнастикада жарақат қаупінің жоғары екенін білесіз. Сондықтан, мұндай мамандар бізге ауадай қажет. ҰОК-тің бұл бастамасы бізді қуантуда, - дейді бас бапкер.

Еске сала кетейік, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Мельбурнда өткен әлем кубогінің кезеңінде алтын алса, Копер қаласында күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер