Әлем футболы

Қазақстандықтар әлем чемпионаты үшін тәулігіне 30 мың теңгеге пәтер жалдауға дайын

news-banner7
mobile-news-top

Көрші елде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты қазақстандықтарды да бей-жай қалдырмады. Сүйікті командаларына қолдау көрсеткісі келген жанкүйерлер түрлі мейрамханалар мен қонақүйлерде матчты көретін орындарды брондап, тіпті ұтатын командаға ақшаға тігетіндер де кездеседі екен. RFI сайтының журналисті қазақстандық жанкүйерлер туралы ашып айтты. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Алматы қаласының тұрғыны Кирилл Харламов Калининградқа бару үшін алдын ала дайындалған. Онда азамат Хорватия мен Нигерияның, Сербия мен Швейцария құрамасының ойындарын көзбен көріп, тамашалағысы келеді.

Бүгінде Ресей қаласында жүрген Кирилл өзі қонатын пәтердің бір күні үшін 76 евро (шамамен 30 мың тетңге) төлеп жүр. Азаматтың айтуынша, футбол басталғанға дейін мұнда баспана мен тамақ анағұрлым арзан болған.

Ал БАҚ өкілдері Жаннат мен Мария Испания құрамасына қолдау көрсету үшін Қазан қаласына үш күнге барады. Арулар әлем чемпионатына кіретін билетті ақпан айында алып қойған көрінеді. Олар демалып, футбол тамашалап, оған қоса қызықты репортаж дайындап келеді екен.

Қазақстандағы туристік компания өкілдерінің айтуынша, қазір елімізде Ресей қалаларына барғысы келетіндер саны артқан. Олар әсіресе, Сочиге түскісі келеді дейді.

Орта есеппен, көрші елдің Краснодар қаласына барып, футбол тамашалап, демалып қайту 3800 евро (шамамен 1,5 миллион теңге) болады екен.

Ал букмекер кеңсесінде жұмыс істейтіндер чемпионат басталғалы отандастарымыз сүйікті командасына ақша тігуді жиілеткен екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер