Әлем футболы

Роналду Португалияға үш ұпай сыйлады

Роналду Португалияға үш ұпай сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Португалия құрамасы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Еуропа чемпиондары В тобының екінші турында Марокко құрамасымен кездескен. Матч жылдам голмен басталды. 4-минутта Жоао Моутиньюдің оң қанаттан асырған пасына бірінші болып Криштиану Роналду жетіп, баспен дәл соққы жасады – 1:0.

Ойынның аяқталуына көп уақыт болса да, командалар екінші голды соға алған жоқ. Африкалық құрама таразы басын теңестіруге тырысқанымен, Португалия қорғанысы сыр берген жоқ, кейдері өздеріне де дәлдік жетіспей жатты.

Айта кетейік, Португалия құрамасы осы әлем чемпионатында төрт гол соққан және оның бәрі де Роналдудың еншісінде.

Осылайша, Португалия В тобында төрт ұпай жинап, көш басына шықты. Ал Марокко екі ойынның екеуінде де жеңіліп қалды.

Енді еуропалық құрама Иранмен кездессе, африкалық ұжым Испаниямен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер