Басқа

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. Бұл жолы сабляшы қыздар қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Жартылай финалға өту үшін Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходькодан құралған Қазақстан құрамасы жапон қыздарын жеңді. Жапония әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін естеріңізге саламыз.

Ал финалға жолдама беретін сайысты біздің спортшылар әлем кубогы кезеңдерінде жүлдегер атанып жүрген Қытайдан ұтылып қалды. Үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері саналатын Гонконг құрамасын жеңді.

- Біз жапон қыздарына қарсы ерекше дайындықпен шықтық. Өйткені, олар әлем чемпионатының финалистері. Расын айту керек, олар өте мықты ұжым болғандықтан, біз жеңетінімізге сенген жоқпыз. Кездесудің бас жағында аздап қарсыласқа ұпай беріп қойды. Алайда, кейін дереу жиналып, ұтылып жатқан қарсыластарымызды жеңіп кеттік. Ал Қытай құрамасынан жеңілгеніміздің басты себебі - бар күшімізді Жапонияға салғанымыздан шығар. Барлыө эмцояны сол кездесуге жұмсаған соң, қытайлықтардан жеңіліс таптық. Жалпы, Азия чемпионатына келген қарсыластардың барлығы да мықты. Бірақ біз де медальға таласатын адуынды команда екенімізді көрсеттік, - дейді ұлттық құраманың ардагер ойыншысы Тамара Почекутова.

Сабляшы қыздар құрлық чемпионатындағы бұл медаль Жазғы Азия ойындарында жеңіске жетуге жігер беретінін айтады.

- Соңғы екі-үш жылдан бері біз құрлық біріншілігінен жүлдесіз қалып жүрміз. Жеке өзіме келер болсам, медаль үшін күресте бір-екі ұпаймен ұтылып жүрдім. Міне, жеңіліс сериясы үзілді. Енді Азия ойындарында жоғары деңгейде сныға түсу үшін дайындықты одан әрі арттырамыз, - дейді Почекутова.

Еске сала кетейік, бұған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин күміс жүлде жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер