Бокс

Геннадий Головкин жақында Қазақстанға келеді

Геннадий Головкин жақында Қазақстанға келеді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтетін екінші кездесудің алдында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты BNews.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы боксшының өзі Yahoo! Sports порталына берген сұқбатында мәлімдеген.

- Мен Қазақстанға жол жүріп бара жатырмын. Келесі аптада қайта келіп, жаттығуды бастайды. Алдымен үйге барып, достарым мен туыстарымды көріп қайтқым келеді. Менің қазір демалысқа уақытым бар. Келесі аптадан бастап назарымды жүз пайыз боксқа ауыстырамын, - дейді Головкин.

Естеріңізде болса, Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер