Бокс

WBC президенті Головкиннен «Канелоны» кемсіте бермеуді сұрады

WBC президенті Головкиннен «Канелоны» кемсіте бермеуді сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) қарсыласы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) биыл жыл басында допингпен ұсталғанын ұмытуды сұрады, деп жазады prosports.kz.

Себебі, Головкин осы мәселеге байланысты мексикалықты үнемі мазақ етіп келеді. Алғаш допинг дауы туындап, Альварес кленбутерол ағзасына бұзылған ет жегендіктен өткенін айтып ақталған кезде, отандасымыз нағыз кәсіпқой боксшы өзінің не жеп, не ішуі керек екенін білуі шарт деп ашық айтқан болатын.

Одан кейін де дәл осы допинг дауы бірнеше мәрте «Канелоны» кемсітуге себеп болды. Күні кеше ғана GGG Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткізіп, жиынға келген қонақтарға арнайы VADA мақұлдаған тағамдар берген болатын. Бұның өзі мексикалықтың допинг мәселесін еске түсіруге жеткілікті болды.

Сулейманның ойынша, Головкиннің бұл әрекеттерінің бәрі кездесуге кері әсерін тигізуі мүмкін екен. Сол үшін ол боксшыларға өткенді ұмытқан дұрыс деп кеңес беріп отыр.

- Менің ойымша «Канелоның» допинг дауына қатысты ісі өткен шақта болған дүние. Тесттер «Канелоның» допингті әдейі қолданбағанын көрсетті. Барлық көрсеткіш дәруменнің оның қанына бұзылған ет арқылы түскенін айқындады. Мен де оны ұмытқан жөн деп санаймын. Барлық назар шаршы алаңда болатын дүниеге аударылуы керек. Егер «Канело» жеңетін болса, Головкин оның жеңісін мойындауы керек. «Канело» болса VADA ұйымдастырған бағдарламаға да өз еркімен келді. «Канело» – тәжірибелі боксшы. Ол енді Головкинді жеңе алатынын дәлелдеуі керек. Бірақ Головкин чемпион. Сондықтан бұл жерде Головкиннің көп нәрсені дәлелдеуіне тура келеді, – деді Сулейман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер