Қазақ күресі

Грузияда қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

Грузияда қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

23 маусым күні Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz қазақ күресінен халықаралық федерация сайтына сілтеме жасап.

«Qazaq Kuresi - 2018» турниріне 21 мемлекеттің, атап айтқанда, Латвия, Ресей, Польша, Армения, Албания, Түркия, Норвегия, Израиль, Әзербайжан, Сербия, Молдова, Кипр, Эстония, Беларусь, сондай-ақ чемпионатқа алғаш келетін өзге бірнеше елден барлығы 80 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Балуандарға 16 төреші қазылық ететін болады, олардың алтауы - қазақстандық, 10 - Украина, Ресей, Грузия, Латвия, Тәжікстан, Израиль, Польша елдерінен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер