Әлем футболы

Жапония құрамасы Колумбияны жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Әлем біріншілігінің H тобындағы алғашқы матч Колумбия мен Жапония құрамалары арасында өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл кездесудің фавориті Америка құрлығының құрамасы болғанымен, азиялық футболшылар жеңіске жетті. Ойын бастала сала Колумбия құрамасының ойыншысы Санчес алаңнан қуылып кетті. Бұл аз болғандай Жапония пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, ойын басталмай жатып есепте алға шыққан жапониялықтар маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Колумбия-Жапония 1:2 (1:1)

Гол соққандар: Кинтеро - Кагава, Осако

Колумбия: Оспина (Қ), Мурильо, Ариас, Санчес, Фалькао, Куадрадо, Лерма, Мохика, Кинтеро, Искьердо, Санчес.

Жапония: Кавасима (Қ), Седзи, Нагатомо, Сибасаки, Харагути, Кагава, Инуи, Осако, Хасэбэ, Сакаи, Йосида.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер