Спорт жаңалықтары
Басқа

Қатты қобалжыған ресейлік жанкүйер мерзімінен бұрын босанып қалды

Қатты қобалжыған ресейлік жанкүйер мерзімінен бұрын босанып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты қызықты матчтарға ғана емес, қызықты оқиғаларға да толы, деп жазады nur.kz.

Жақында Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесу кезінде қатты қобалжыған жүкті әйел уақытынан бұрын босанып қалған.

Қуанышты жағдай Краснодар аймағында болған. Ресейдің чемпионаттағы алғашқы матчын қатты уайымдаған келіншек жүктіліктің 36 аптасында босанып қалды.

Ата-ана жаңа туған сәбиін футболшы Александр Головиннің құрметіне Александр деп атады.

Аймақтағы денсаулық сақтау саласының басшысы футболдың тұрғындар көңіл-күйіне жақсы әсер ететінін айтқан. Мәселен, Ресей құрамасы ойнаған сәтте жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны үш есеге қысқарыпты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер