Басқа

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мен Кубогі жолындағы жарыс басталды. Турнирге еліміздің бірнеше облысынан спортшылар қатысып жатыр, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

18-24 маусым аралығында өтетін Қазақстан біріншілігінен соң тамыз айында Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар іріктеледі. Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Кимнің айтуынша, ел біріншілігі жас спортшылардың көрінуіне жол ашып, ұлттық құрама үздіктерінің дайындығын бір бағамдап алатын дода.

- Еліміздегі спорттық гимнастика жаңа кезеңін бастан кешіп жатыр. Ұлттық құрама да, олардың ізбасарлары да әлі жас. Соған қарамастан, әлем кубогы кезеңдеріне сәтті өнер көрсете бастадық. Осы орайда, спортшылардың жағдайын жасап, бізге қаржылық және моральді көмек көрсетіп отырған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғыс айтқым келеді. Алдағы жарыс күндерінде анықталатын жеңімпаздардың барлығы ұлттық құрамаға шақырылып, оқу-жаттығу жиындарына қатысады», - дейді бас бапкер Александр Ким.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатына Алматы, Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Астана, Талдықорған, Семей қалаларынан спортшылар қатысуда. Бүгінгі жарыс күнінде жасөспірім спортшылар бақ сынайды. Ал ұлттық құрама мүшелері мен спорт шебері нормативін орындаған жарыс жолына ертең қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер