Жеңіл атлетика

Маргарита Мұқашева Бішкектегі жарыста топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ұзындыққа секіруден Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған дәстүрлі халықаралық жарыс өз мәресіне жетті, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Қазақстаннан барған атлеттердің арасында жеңіске жеткендер қатарында Маргарита Мұқашева да бар.

Екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Рио Олимпиадасынан кейін спорттан қол үзген. Оған өзіндік себеп бар. Маргарита тұрмысқа шығып, сәбилі болды. Бірақ спортшы үйінде көп жата алмады. Тамыз айында Роман есімді ұл баланы дүниеге әкелген Солтүстік Қазақстан облысының тумасы қазан айында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Енді, міне, жарыс жолына да шыға бастады. Алғашқы халықаралық сайысында 800 метрді 2:08.51 минутта жүгіріп, чемпион атанды. Екінші орын керекулік Евгения Фандюшинаға бұйырды (2:09.67 мин.).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер