Жеңіл атлетика

«Алтай атлетикс» спортшылары Германияда үш алтын олжалады

news-banner7
mobile-news-top

Германия қалаларында өткен халықаралық жарыстарда қазақстандық жеңіл атлеттер жеңімпаз атанды. Михаил Литвин мен Надежда Дубовицкая Рёде қаласында жеңіске жетсе, Айгерім Шыназбекова Падерборнда тұғырға көтерілді.

Рёде қаласында біздің спортшыларымыз «48 International Leichtathletik Rhede Meeting» турниріне қатысты. 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы финаджа Михаил Литвин жеңімпаз атанды. Ол 46,16 секундта жүгіріп өтіп, маусымдағы өз рекордын жаңартты. Екінші орында германиялық Флориан Вике, үшінші орында тағы бір неміс спортшысы Нико Менцельб.

Ал Дубовицкая жеңімпаз атану үшін 1,80 метрді бағындырды. Жарыс барысында ол алдымен 1,70 кейін 1,73 метрді бірінші мүмкіндігінен-ақ сәтті орындады. 1,80 метр бағынған соң, Надежда 1,85 метрге ұмтылған. Алайда, үш мүмкіндігінде де бұл биіктік алдырған жоқ. Екінші және үшінші орындарда неміс қыздары Юлия Хейдингер (1.73 м) мен Карлотта Верман (1.67 м).

Шыназбекова «International Pader – Leichatletik Meeting» турнирінде 100 метрге кедергілер арқылы жүгіріп, 13,55 секунд нәтижесімен жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: oympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер