Бокс

Жеңіліп көрмеген Эюбовтың келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов 22 маусымда АҚШ-тың Детройт қаласында өтетін келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

31 жастағы Эюбов алғашқы жартылай орта салмақта 32 жастағы америкалық Николас Гиванмен (21-1-1, 11 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа есепелген.

Эюбов пен Гиван үлкен бокс кешінің қатысушылары, бұл кештің басты жекпе-жегінде америкалық Кларесс Шилдс (5-0, 5 КО) пен коста-рикалық Ханна Габриэлс (18-1-1, 11 КО) жұдырықтасады. Басты жекпе-жекке орта салмақтағы IBF және WBA белбеулері тігіледі.

Кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Бахтияр үшін бұл 14 жекпе-жек, 11 кездесуді ол мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы жекпе-жекте Эюбов 41 жастағы Морис Чалмерспен (14-13-1, 8 КО) жұдырықтасып, кездесу америкалықтың жарақатына байланысты бірінші раундта аяқталды және өткен жоқ деп есептелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер