Мардан Төлебек: Стоилов барда әлем чемпионатына да шығуға болады

Мардан Төлебек: Стоилов барда әлем чемпионатына да шығуға болады
news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттік «Ордабасының» капитаны Мардан Төлебек Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында «Ақтөбеге» қарсы кездесуден соң өз командасының ұтылу себебін айтып, әлем чемпионаты туралы сөз қозғады.

- Мардан, «Ордабасы» бүгін ұтып жатып, жеңіліп қалды. Мұның себебі неде?

- Бірінші таймда алғашқы голды соғып алған соң, екіншісін салуға үміттеніп, алға ұмтылған едік. Жаңа бапкеріміз Кахабер Цхададзе шабуылдаушы футболды ұстанады. Ол бізге екі күн бұрын ғана тағайындалған еді. Шабуылдап жүріп, гол жіберіп алдық.

- Ойын тағдырын Маркос Пизелли соққан гол шешті деп ойлайсың ба?

- Расын айтқанда, «Ақтөбенің» алдыңғы шебінде ойнайтын Пизелли мен Рейналдоның голдары матч тағдырын шешті. Он минутта ойын түбегейлі өзгеріп кетті. Жалпы, «Ақтөбе» екінші таймда жоғары деңгейлі ойын көрсетті. Біз емес, керісінше, олар шабуылдаушы футболға ауысты. Сол сәтте бізге қиынға соқты.

- Ресейдегі әлем чемпионатының матчтарын бақылап жүрсің бе?

- Әрине.

- Кімді фаворит санайсың?

- Менің ойымша, әлем чемпионатын Бразилия құрамасы жеңіп алады.

- Әлемдік дода туралы бастаған екенбіз. Соңғы сұрақ. Қазақстан әлем чемпионатына қашан шығады деп ойлайсың?

- Қазір ұлттық құрамамызды Станимир Стоилов мырза жаттықтырып жүр ғой. Ол өте мықты бапкер. Алла қаласа, осы бапкермен жұмысты жалғастыра берсек, әлем чемпионатына шығуға үміттенуге де болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер