«Қызылжар» кездесу соңында жеңісті жұлып алды

«Қызылжар» кездесу соңында жеңісті жұлып алды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші туры «Қызылжар» мен «Шахтер» арасындағы ойынмен аяқталды.

Петропавлда өткен ойын алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға таяғанда алаң қожайындарының шабуылшысы Тимур Мульдинов гол соғып командасына жеңіс алып келді.

«Қызылжар» - «Шахтер» - 1:0

Гол: Тимур Мульдинов 88

Ескерту алғандар: Тимур Мульдинов 40, Михаил Габышев 42, Матео Мужек 80, Гогита Гогуа 81.

«Қызылжар»: Антон Цирин (Қ) - Георгий Попхадзе, Михаил Венков, Урош Делич, Карам Султанов, Ильдар Аитов (Андрей Шабаев 78) - Сергей Скорых, Тимур Мульдинов (К) Фредди Коронель (Бошко Ступич 46), Шота Григалашвили - Братислав Пуношевач (Гогита Гогуа 63)

«Шахтер»: Игорь Шацкий (Қ) - Біржан Кульбеков, Игорь Пикалкин, Михаил Габышев (Руслан Алимбаев 62), Евгений Тарасов (К), Матео Мужек - Марат Шахметов, Дамир Кояшевич, Эгон Вух, Геворг Наджарян - Сергей Шафф (Даниэль Суботич 86).

Бұл жеңісінен соң «Қызылжар» турнирлік кестеде 14 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Ал «Шахтер» болса 13 ұпаймен оныншы орынға түсіп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер