Азат Нұрғалиев: Соғылған голдар командалық жұмыстың жемісі

Азат Нұрғалиев: Соғылған голдар командалық жұмыстың жемісі
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев 14-ші тур аясындағы «Атыраумен» болған ойын жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz қостанайлық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

– «Мұнайшылар» қостанайлық командаға ыңғайсыз қарсылас саналады. Әсіресе өз алаңдарында?

– «Атырау» тынымсыз команда. Оның үстіне соңғы турларда жақсы қарқын алды. Күткеніміздей ақ ойын қиын болды. Бірінші таймда оларда да бізде де мүмкіндіктер болды. Бірінші болып гол соғып алғанымз қандай абырой. Гол командалық жұмыстың жемісі. Жігіттер жарады. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

- Гол соққан сәтіңде ерекше қимыл жасадың. Бойыңнан бірдеңені шығарып жібергендей көрінді. Түсіндіріп өтесің ба?

- 13 тур бойы гол соға алмадым. Пенальтидің өзі голға ұласпады. Бір сәтсіздіктің қыр соңымнан ергені анық. «Атыраумен» ойында да гол соққым келген. Әйтеуір дегеніме жеттім.

Естеріңізге салсақ, 14-ші тур аясында өткен «Атырау» мен «Тобыл» арасындағы кездесуде қостанайлықтар 0:2 есебімен жеңіске жеткен. Екі голды да Азат нұрғалиев өз еншісіне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер