Теңбіл доп әлемі
Әлем футболы

Швеция - Оңтүстік Корея кездесуіне болжам

Швеция - Оңтүстік Корея кездесуіне болжам
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Ресей жеріндегі Әлем чемпионаты күн санап қызып келеді. Азуын айға білеген командалардың бірінен соң- бірі ұпай жоғалтуда. Күн сайын сенсация десек те артық емес.

Кеше Әлем чемпиондары Германия құрамасы күтпеген жерден Мексикаға есе жіберсе, әлемнің бес дүркін чемпиондары Бразилия Швейцарияны жеңе алмады.

Бүгін Мексика мен Германия тобындағы Швеция мен Оңтүстік Корея елдері Өз кездесуін өткізеді.

Бір қарасаңыз аталған екі команда осы топтың аутсайдері көрінеді. Алайда Әлем чемпионатына шыққан ұжымның осалы болмайды. Кез келген құрама кез келген команданы ұтып кете алады.

Швеция құрамасының жігіттері Ибрагимовичсіз де футбол ойнай алатындықтарын дәлелдеуі тиіс. Ал азиялықтар болса еуропалықтардың шабуылына төтеп бере отырып қарымта шабуылға иек артатын шығар. Қалай болған күннің өзінде де бүгін қос команда үш ұпай үшін алаңда аянып қалмайды.

Болжам: Екі команда да гол соғады. 2.39 коэфицент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер