Джиу-джитсу
Басқа

Джиу-джитсу: Азия Чемпионаты

Джиу-джитсу: Азия Чемпионаты
news-banner7
mobile-news-top

10-16 шілде аралығында Ақтау қаласында “Маңғыстау Арена” спорт кешенінде джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында Азия Чемпионаты өтеді,деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі

Джиу-Джитсу спортының 4 бағыты бойынша елімізде бірінші рет өтейін деп отырған аталмыш додаға Азияның 25 елінен 1000-ға жуық спортшы келеді деп күтілуде.

Жарыс Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалған Халықаралық джиу-джитсу Федерациясының (JJIF) ережесі бойынша файтинг, не-ваза, дуо және контакт систем бағыттры бойынша өтеді.

Сонымен қатар, еліміздің намысын қорғайтын Ұлттық құрама спортшылары шет елде жаттығу жұмыстарын қазіргі таңда пысықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жарыс елімізде алғаш рет өткізілмекші. Ал, Чемпионаттың ашылу салтанаты 13 шілде сағат 16:00-де Ақтау қаласы “Маңғыстау Арена” спорт кешенінде өтеді!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер